ФАРИЗАНЫҢ ЖАУҺАР ЖЫРЛАРЫН ОҚЫДЫ
Оралда Қазақстанның халық ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» қалалық Фариза оқулары өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және Жастар жылы аясында өткен байқауды Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Байқауға қалалық колледждер мен ЖОО студенттері қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті. Нақтырақ айтқанда, ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу және ақын сөздеріне жазылған әндерді орындау. Байқау қатысушыларына ақын, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ерен енбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының иегері Дариға Мұштанова, ғалым-ұстаз, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Қуаныш, ақын, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің ұстазы Назгүл Каримова, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Кайрлиев, облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облысы филармониясының әншісі Айбар Қайырханов әділ бағаларын берді.
Қорытындысында бірінші номинация – ақын өлеңдерін жатқа оқудан 1-орынды Мамут Зафура, 2-орынды Алмас Айнұр мен Махамбетова Аружан, 3-орынды Қадырғалиұлы Аслан, Есқалиева Гүлдана, Дәрібай Мирас иеленді.
2-номинация – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаудан Орынбасаров Ермахан, 2-орынды Темірбек Ұлпан, Тастенова Арна, 3-орынды Сәлімгереев Нұрқат иеленді.
Жеңімпаздар дипломмен және естелік сыйлықтармен және барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Кітапхана қорынан жасақталған «Жыр жұлдызы Фариза» кітап көрмесімен оқырмандар жақын танысты.

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу