Еуропалық әуежай жолаушылар үшін «ПАНДЕМИЯ САЛЫҒЫН» ЕНГІЗДІ
Лондондағы Хитроу әуежайында 2020 жылы жолаушылар тасымалы көлемінің төмендеуіне байланысты «пандемия салығы» енгізілді, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Лондон әуежайынан ұшатын барлық рейстің жолаушысы сапардың ұзақтығына және ұшу класына қарамастан, сәуірден бастап 8,90 фунт (шамамен 5 173 теңге) қосымша алым төлейді. Бұл сома билет құнына қосылады.
Осылайша, әуежай басшылығы былтыр түсіре алмаған кірістің орнын толтыруға тырысып жатыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Heathrow жоспарланған екі миллиард фунтын (1 триллион 162 миллиард 280 миллион 193 мың 200 теңге) ала алмады.
Басылым халықаралық сарапшыларға сілтеме жасай отырып, Еуропаның басқа әуежайлары да осындай тәжірибені қолдануы мүмкін екенін жазды.
Айта кетейік, қазақстандықтар ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы және одан әрі саяхаттау үшін ілеспе құжаттарды ұсынған жағдайда Ұлыбританияға Франкфурт арқылы транзитпен ұша алады.

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу