8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2019 1597 0
Қоғам

ЕРТЕҢ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

           Халықпен кері байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 13 және 14 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтеді.

Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Жалпы облыс бойынша азаматтарды қабылдайтын 70 мобильді пункті қызмет етеді. Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан қабылдау, жол техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да жұмыс істейтін болады. Акция 13-14 қыркүйек аралығында Орал қаласы Әбілхайыр хан даңғылы, 159 мекенжайы бойынша «Аяжан» сауда үйіне қарсы жерде және Чапаев көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша «Чапаев алаңында», «Ақжол» гипермаркетіне қарсы бағытта сағат 10.00-ден сағат 19.00-ге дейін жалғасады. Осы күндері 98-40-18, 8-775-688-78-28 телефондары жұмыс жасайды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»