ЕРТЕҢ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУШЫ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
Биыл, 12 наурызда Қазақстан бойынша «Жерге орналастыру, геодезия және картография күні» атап өтіледі. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерінің шекараларын анықтау, елді мекендердің шекараларын өзгерту жобаларын әзірлеу, елді мекендердің шекараларын орнату – мұның бәрін жерге орналастырушылар, геодезистер және картографтар жүзеге асырады.
Өткен 2021 жылы жер кадастры бағыты бойынша 16 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде «Жер учаскелеріне актілер дайындау және беру», «Жобаланатын жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне келісу», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» және басқа да қызмет түрлері бар. «Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы Казталов және Жаңақала аудандарының аумағында 500 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарының топырағын зерттеу, Казталов ауданының аумағында 440 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетінің балын анықтау, Жаңақала ауданының аумағында 50 мың гектар алқапта топырақ материалдарын жаңарту, Ақжайық ауданының аумағында 50 мың гектар алқапта топырақ бонитетін анықтау, Казталов және Жаңақала аудандары мен Бәйтерек ауданы аумағындағы 300 мың га жерге мониторинг жүргізу, 500 мың га алаңда электрондық түрдегі топырақ карталарын жасау бойынша жұмыстар атқарылды.
Бүгін біздің кәсіби мерекеміз қарсаңында жерді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан бірқатар жерге орналастырушы мамандар Жер ресурстарын басқару департаменті мен Мемлекеттік корпорация басшылығының медальдарымен және дипломдарымен марапатталды, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу