ЕРІКТІЛЕРГЕ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

Нұрғали Жолдасқалиев, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы төрағасы:
– Елбасымыз жастардың потенциалын көтеру, бәсекеге қабілетті ең білімді, ең таланттылардың қатарында болуы үшін жасалуы тиіс жұмыстарды айтып, Үкіметке, министрліктерге тапсырма берді. Біз үшін қуанышты жағдай – ауыл жастарының әлеуетін арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасының басталуы. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде берілетін бір реттік жәрдемақы 70 АЕК-тен 100 АЕК көлеміне көтерілетін болды. 250 мың теңге болатын қаражат ауылға барған жастарға мол қолдау. Олардың ауылдың азаматы ретінде сіңісіп кетуі үшін тиімділігі зор. Сондай-ақ Елбасы «Жас кәсіпкер» жобасын қолға алуды тапсырды. Бұған дейін кәсіпкерлік саласында мұндай ұғым болмаған еді. Бұл мәселеде өз нәтижесін беріп, жастардың мүмкіндігін көрсетуіне жол ашып, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізеді деп сенемін. Жаңа жобалардың ішіндегі «Жас маманға» Президентіміз ерекше тоқталды. Өйткені уақыт талабына сай бірқатар мамандықтар жойылып, олар жасанды интеллектке ауысатын болады. Қазіргі уақытта білім алушы студенттердің мамандықтары болашақта қажетсіз болып қалуы бек мүмкін. Сол себепті бүгіннен бастап әлемдік процестерге зерттеу жасалуы керек. Жас ғалымдарды қолдау мақсатындағы қосымша гранттардың берілуі де дер кезінде қабылданып отыр. Бұл азаматтарды тың жобаларды жүзеге асыруына ынталандырып, адамдардың өмір сүру жағдайын жеңілдетуіне, денсаулық сақтау саласын ілгерілетуіне септігін тигізеді. Көңілімізді серпілткен тағы бір жағымды жаңалық – еріктілердің мәртебесін көтерудің назарға алынуы. Негізгі сабақтарымен қоса ақысыз, пұлсыз еріктілік қызметпен айналысып, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, облыс аумағындағы шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүрген белсенді ұл-қыздар көп-ақ. Алайда, оларды қолдау төмен. Осыған да ерекше тоқталған Мемлекет басшысы еріктілер үшін 30 пайыздық мөлшермен гранттар қарастыруды көздеп отыр. Бұл басқосуда Елбасы тілге тиек еткен бастамалар жетерлік. Әлі де жастарды қолдау мақсатындағы жобалар аз болмайды. Елбасы бастамасына орай өңірде де жарқын істер атқарылады деп сенемін. Президентіміз салтанатты жиында туризмді дамыту, жеріміздің қасиетті, шұрайлы өлкелерді таныстыру мәселесін де қозғады. Біз, батысқазақстандық жастар бұл мақсатта жұмыстанатын боламыз. Жыл сайын «Сакралды Қазақстан» жобасы бойынша жасотандықтар және оқу орындары студенттері облысымыздың түкпір-түкіпіріндегі киелі орындарға, тарихи мекендерге саяхат ұйымдастырып, шежіресіне үңіліп, өлкемізді танып-білуімізге жағдай жасап келеміз. Бұл әрине керек және өте маңызды жоба деп санаймын. Сондай-ақ өз тарапымыздан ауыл жастарының әлеуетін көтеру мақсатындағы «English for Jastar» жобасын жалғастыратын боламыз. Кәсіпкерлікпен айналысатын ынталыларға бағыт беру, тәжірибелі бизнесмендермен кездестіру біздің күн тәртібімізден түспейді. Бұдан басқа да санаттағы жастарымыз қолдаудан шет қалмайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу