8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2020 2435 0
Қоғам

ЕРЕКШЕ СОҒЫЛҒАН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ (видео)

Әлеуметтік  желі арқылы тараған видеодан көргеніміздей, қоңырау үнін сыңғырлатқан көлік көшелермен жүріп өткен. Ал мектеп формасын киіп, қолдарына жалауша  ұстаған балалар  үйлерінің алдына шығып қол бұлғап тұр. Бұл БҚО-ның Жәнібек ауданында  түсірілген. Аудан орталығында ғана емес, ауылдарда  да соңғы қоңырау осындай – ерекше  жағдайда ұйымдастырылыпты.   

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше,  БҚО-да 108 мыңнан астам оқушы контингентімен 390 мектеп оқу жылын аяқтады. Бүгін 1-10 сыныптар үшін онлай-сынып сағаттары ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде «Сәт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп – білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» тақырыптарымен үздік мұғалімдер, білім алушылардың жетістіктері туралы, өңірдің үздік білім беру жобалары жөнінде сюжеттер шығарылуда.

Облыс бойынша 2020 жылғы мектеп бітірушілер саны – 5 142.  2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 362 түлек «Алтын белгі» иегері және 223-і «Үздік аттестат» иегері атанды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»