ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АНАЛАРЫ ДЕПУТАТТЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов өңір тұрғындарын қабылдады. Олардың қатарында ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары да болды Олар депутаттан балаларына тағайындалған дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде көмектесуін сұрады.

– Өткен жыл бәрімізге оңай болған жоқ. Осыған байланысты тұрғындардың көпшілігінде материалдық сипаттағы және жалпы денсаулыққа қатысты мәселелер туындады. Біз үшін(«ерекше» балалардың аналары- автор.), мұның бәрі өте қиын. Сондықтан, біз сізден көмек, кеңес сұрау үшін келдік, – деп түсіндірді аналардың бірі.
Тұрарбек Тілемісов тиісті түсініктемелер берді.
Сондай-ақ, қабылдауға 4 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана келіп, тұрғын үй мәселесін қозғады. Ол бірнеше жылдан бері кішкентай балаларымен бірге пәтер жалдап келе жатқанын айтты. Көп балалы анаға арендалық баспана алу туралы түсініктеме берілді.
Қала тұрғыны І топтағы мүгедек азамат ілеспе қызметкерді бекіту мәселесі бойынша көмек сұрады. Ерекше күтімді қажет ететіндіктен, жалғыз өзінің кішкентай балаларды қарауға мүмкіндігі жоқ екен
Макаров ауылының (Бәйтерек ауданы) тұрғыны ауданнан жер учаскесін беру туралы сұрақпен келді. 2006 жылы ол Қазақстанға келіп, «қандас» мәртебесін алған, сонымен бірге Ауған соғысының ардагері. 2007 жылы жеңілдік алушы адам ретінде жер учаскесіне кезекке тұрған. 13 жыл өткенімен, әлі жер берілмеген. Ардагерге консультация беріліп, тиісті атқарушы органдарға хат та жолданды.
Бұдан бөлек халықты жұмыспен қамту саласы бойныша да өтініштер қабылданды, оның ішінде жаңа бизнес-идеяларды дамытуға гранттар беру, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары: мемлекеттік ақы төленетін жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындары, қысқа мерзімді оқыту бойынша сауалдар түсті. Әрбір жағдай бойынша, қажеттілігіне қарай мемлекеттік құрылымдардың мамандары тартылып, мән-жайлар түсіндірілді.
Бірнеше адам құқықтық сипаттағы сұрақтар қойды.
Атап өтейік, партияның қоғамдық қабылдауы күн сайын жұмыс істейді. Бұл жерде депутаттар тұрғындарды қабылдап, мәселенің шешімін табуға көмек көрсетеді. Анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу