ЕЛІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейту үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоғары білім беруде кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100 пайыз жаңарту міндеті тұр. QS WUR рейтингісіне кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 15-ке дейін артады. 5 жылдың ішінде республика аумағында 5 жетекші шетелдік жоғары оқу орнының кампустарын ашу жоспарлануда», – деді министр.
Оның атап өтуінше, студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 20 мың орындық 75 жатақхана пайдалануға берілді. 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі.
«Жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейту үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Гранттардың бірнеше түрлері енгізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы бір жылдың ішінде студенттерге арналған стипендиялар мөлшері 25, докторанттарға 83 пайызға ұлғайтылды. Енді 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады», – деді Асхат Аймағамбетов.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу