ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде балаларға, олардың психикалық, денелік, интеллектуалдық ақаулықтарына орай, қоғамда өмір сүруге жеткілікті дәрежеде бейімделуі қиындық туғызады. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылып, олардың мәселелерін шешу біздің еліміздегі әлеуметтік саясатта маңызды орынға ие. Соның бір айғағы қаламыздағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Біздің мекеме ерекше балаларға арналған күндізгі жартылай стационарлық үлгідегі, республика бойынша бірден-бір баламасы жоқ орталық.

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2009 жылы ашылды.
Мекеменің мақсаты – қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
Орталыққа психоневрологиялық ауытқулары бар және церебральды сал ауруымен ауыратын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Орталықта балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды үш топқа бөліп, «Таңшолпан», «Еркетай», «Айналайын» топтары жұмыстануда. Қазіргі таңда осы үш топта барлығы 45 бала қызмет алуда. Оларға түрлі бағыттағы бекітілген стандартқа сай, арнайы қызмет түрлері көрсетіледі.
Әлеуметтік қызметтермен қамту көп жағдайда көмекке мұқтаж қызметтерді алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нақты қызметтер жиынтығын ұсынады. Атап айтсақ, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- медициналық, әлеуметтің-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық. Осы қызмет түрлерімен орталықтағы қызметтерді алушы балаларымыз түгелдей қамтылған. Оларға арнайы мамандар осы бағыттар бойынша қызметтер көрсетуде.
Қызметтерді алушыларға көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын арттыру мақсатында мекемеде сенсорлық кабинет, дене шынықтыру залы, түзете – дамыту кабинеті, емдік шара кабинеті, асхана т.б жұмыс жасайды. Мекеме ауласы кең, серуендеуге қолайлы, балаларға демалу үшін үлкен төбесі көмкерілген жайлы орын орнатылған. Жазғы спорттық ойындарға арналған шағын алаң жасақталған.
Сондай-ақ қызметтерді алушыларды үйлерінен орталыққа келіп-кетуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жабдықталған көліктер ұйымдастырылған.
Балалардың денсаулықтарын жақсарту барысында жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі, сал ауруына шалдыққан қызмет алушыларға арналған – иппотерапия сеансы. Иппотерапия сеансын алуға бару үшін орталықтағы балалар арнайы көлікпен қамтылған.
Орталықтың мақсаты ерекше күтімді қажет ететін балаларға жоғарыдағы қызметтерді көрсетіп ғана қоймай ата-аналарға , олардың отбасына моральдық-психологиялық қолдау көрсету. Орталыққа балаларын орналастыру арқылы ата-аналардың жұмысқа орналасуына да мүмкіндік туады.
Мамандар тынбай еңбектенудің нәтижесінде жетістіктерге де жетіп жүр. Осындай жетістіктерге қол жеткізген мамандардың іс- тәжірибелерін насихаттау мақсатында мекемеде облыстық семинарлар ұйымдастырылып отырады. Мамандардың іс-тәжірибелері сондай-ақ республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып жүр.
Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкерлер» Республикалық конкурсының «Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша байқауға қатысып, алғыс хатпен марапатталсақ, 2018 жылы осы байқаудың «Үздік әлеуметтік қызметкер» атағын мекеме дефектологы Жартыбаева Бибігүл Ашықбайқызы жеңіп алды. Сонымен қатар, дефектолог Б.Абилхатина министрдің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, бірнеше маман облыс әкімі мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. 2019 жылы тәрбиеші Құсан Дина Орынғалиқызы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атынан құрмет грамотасымен марапатталды.
Осы жетістіктеріміздің барлығы дана халқымыз «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегендей мекеме ұжымының ұйымшылдықпен бір бағытта саналы, білікті, адал ниеттерімен атқарып жүрген қызметтерінің нәтижесі.
Нәсіп Мусина, жоғары санатты дәрігер-педиатр, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ директоры
Орал қаласы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу