ЕЛДІМЕКЕНДЕР АТАУЫНА МӘН БЕРІЛСЕ
Бүгін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кәсіби медиатор, белгілі лингвист-ғалым Дос Көшімнің қатысуымен «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбында қоғамдық пікір көшбасшыларының кездесуі өтті.

Кездесуде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ұлттық код, ұлттық мәселелерден туындайтын міндеттер, ономастиканың мемлекеттік тілді дамытудағы маңызы және елдімекендердің тарихи атауларын жаңғырту мәселелері талқыланды.
– Ономастикалық атауларды ауыстырудың үш бағыты бар. Біріншіден, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ауыстыру. Екінші бағыт – тарихи атауларды жаңғырту. Ол үшін нақты дерек керек. Бұл ретте тарихшылар жұмыстануы тиіс. Теологтар да осы іске үн қосады деп сенемін. Үшінші бағыт – тұлғалардың есімдерін беру. Әйткенмен, ол тұлғаның елімізге, сол өңірге қандай қатысы бар екенін қаперге алған жөн. Осы орайда қаладағы көше атауларына мониторинг жүргізу де маңызды, – деді Дос Қалмұханұлы.
Лингвист-ғалым абстрактілі ұғымдарды көше атауларына беру белең алғанын тілге тиек етіп, мұның жөнсіз екенін жеткізді.
Сондай-ақ ол біздің өңірде кейбір елдімекендердің атаулары орыс тілінен аударылғанда қателіктер жіберілгенін, салдарынан көптеген елдімекендер мәнсіз атауларды иеленіп жүргенін атап өтті. Мәселен, Бөрлі ауданы «Бөрілі» атауынан шыққан болуы мүмкін. Орысша «Бурлинскиий» деп бұрмаланған атау кері қазақшаланғанда «Бөрлі» болып қате жазылған. Дос Көшім мұндай қателіктерді ұзаққа созбай ретке келтіруге жұмыстану қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу