8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2019 2083 0
Жалын

ЕЛ ТІРЕГІ – 2019: ОРАЛДАН 200-ДЕЙ ЖАС ӘСКЕРГЕ БАРАДЫ

Орал қаласында азаматтарды күзгі мерзімді əскерге шақыру науқаны шеңберінде «Ел тірегі – 2019» республикалық акциясы басталды.

2019 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басқа да əскерлері мен əскери құрылымдарына Орал қаласынан 1992-2001 жылы туылған 200-ге жуық азаматтарды шақыру жоспарланған. Əскерге шақырылушылар Отан алдындағы борыштарын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бөлімдерінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясында, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде өтейтін болады.

Дəстүр бойынша Қарулы Күштерінің бөлімдеріне жіберілмес бұрын болашақ Отан қорғаушылар жергілікті əскери басқару органдарының аймақтық жиналыс пункттерінде əскери киіммен қамтамасыз етіледі. Əскери бөлімдерге жас толықтыруларды орналастыру темір жолмен де, əуе көлігімен де жүзеге асырылады. Əскерге шақыру науқаны барысында Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Р.Мажитов əр əскерге шақырылушымен және ата-аналарымен сұхбат жүргізуде. Сұхбаттасу барысында ата-аналар көптеген түрткі болған ойларын ортаға салып, балаларының азамат болғанын, батыр ағаларындай елін, жерін қорғауға Отан алдындағы борышын өтеуге аттанатындығын мақтанышпен айтып жеткізуде.

Əскерге шақырылушыларға қойылатын талаптар денсаулық жағдайы, білім деңгейі, моральдық – психологиялық тұрақтылығы. Осы ретте айта кететін жайт əскерге шақырушылар қатарына тек барлық талаптарға сай келетін үздіктер ғана ілігеді.

Қазіргі таңда Қарулы күштердің басқа да əскерлер мен əскери құрылымдардың қатарына іріктеу жүргізілуде жəне ниет білдірушілер Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақырту комиссия ларынан кеңестер алуға мүмкіндігі бар.

Жанар ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз хатшысы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
157 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
344 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»