8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2020 1489 0
Қоғам

«ЕЛ ҮЛЕСІМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерей тойына орай «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында  БҚО Теректі ауданы  Еңбек ауылынан бірінші топ мүгедегі Аманжан Есенжановқа 231-нші  баспананың кілті табысталды.

Игі шараға ҚМДБ-ның жанындағы «Зекет» қорының жетекшісі, БҚО  облыстық орталық мешітінің наиб имамы  Самат Әлібаев, Теректі халқымен бірге аудан мешіті және «Бірлік» қоғамдық бірлестігі мен жеке кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.

Пәтер кілтін табыстауға Самат Қанатқалиұлы арнайы келіп, дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып,  жаңа қонысымен құттықтай отырып, барша қол ұшын созған азаматтарға алғысын білдірді.

Баспаналы болған Аманжан бауырымыздың жаңа қонысында ұйымдастырушылар мен тілекші қауым дастарханнан дәм татып, жылы лебіздерін білдірді.

Алла Тағала сізбен бізді осындай бірлігіміз бен кең жүрегімізден айырмасын. Аманжан ауырымызды  үймен қуантқанымыздай Жаратушы иеміз сіздерді, әрқашан қуанышпен, шаттыққа, табысқа жетулеріңізді нәсіп етсін.

 

 

Нұрлан САМАТҰЛЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»