8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2020 1711 0
Өзек

ЕКІ НАУҚАСТЫҢ БІРІ – РЕСЕЙДЕН, ЕКІНШІСІ – АТЫРАУДАН КЕЛГЕН

Батыс Қазақстан облысында тіркелген коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқастың бірі Ресейден, екіншісі Атырау облысынан келген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуалы туралы жергілікті «Aqjaiyq» телеарнасына жедел эфирге шыққан облыстың бас дәрігері Болатбек Қаюпов мәлімдеді. 

Коронавирус инфекциясы анықталған екі науқас та  БҚО тұрғындары. Қазіргі уақытта олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

БҚО мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, екі науқастың бірі 24 наурыз күні  Ресейден келген. Шекарадан өткен күннен бастап үй жағдайында оқшауланған. Арада 4-5 күн өткенде аурудың алғашқы белгілері байқалып, ол алдымен провизорлық стационарға жатқызылған. Екінші азаматша Атырау облысынан келген.  Қос пациенттің талдау сынамалары лабораториялық ПЦР-тест жүйесінен өткізіліп, коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған.

– Екі ошақтан да жақын қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі анықталды. Олар провизорлық стационарға жатқызылды. Ал қашық қарым-қатынаста болғандар үйде  оқшаулануда. Сондай-ақ эпидемиологтар жұмыс атқарып, үй-жайларында дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Облыстың бас дәрігері Болатбек Қаюповтың мәліметінше, екі науқастың да жағдайы жақсы. Жалпы облысымыз бойынша қазіргі уақытта провизорлық және  карантиндік стационарда 65 адам бақылауда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
109 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
165 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
229 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
263 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
308 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»