8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Желтоқсан 2023 2990 0
Білім

Екі білім ошағының жаңа ғимараттары тапсырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев егемен елдің келешек ұрпағына  үлкен сенім білдіріп «Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек» деген болатын. Осыған орай,  мемлекет тарапынан Президентіміздің тапсырмасына сәйкес,  біраз күрделі мәселелер қолға алынуда.  Соның қатарында өзекті тақырып  – апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 27 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін соның 17-сін аяқтауы жоспарлануда. Қазіргі таңда 10 мектеп қолданысқа берілді, қалғаны жақын күндері есіктерін айқара ашады.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен екі мектептің жаңа ғимараттарының тұсауы кесілді.  Аймақ басшысы оқу ордаларының ашылу салтанатында мемлекетіміздің білім саясатының арқасында болашақ ұрпаққа жасалып жатырған бірәз игілі істерді атап өтіп: – Заман талабына сай салынған оқу орындары – рухани азық жинайтын ордаға айналып, бәсекеге қабілетті, отаншыл, еліміздің туын биік ұстайтын білімді ұрпақ тәрбиелейтіні сөзсіз, – деп баяндады.

Атап айтқанда, Абай мен Еңбек ауылдарындағы мектептердің бірінде – 60, енді бірінде – 110 оқушыға дейін білім алады. Әр қайсысында 30 мұғалімге дейін сабақ береді.

Негізі Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 1952 жылы ашылған екен. Мектептің ескі ғимараты 1974 жылы салынған,  жобалық қуаты 60 орынға есептелген, спорт зал, акт залы жоқ. Қазіргі таңда мектепте  132 оқушы білім алуда, 30 педагог қызмет атқарады.

Жаңадан ашылған ғимаратта 9 оқу кабинеті бар, соның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, тілдер, мультимедия  кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 шеберхана, 1 спортзал, 8 орындық оқу залы мен кітапхана, 48 орындық асханамен жабдықталған.  Мектеп ғимаратының жобалық қуаттылығы 108 орын, құрылысқа мемлекеттік бюджеттен  807 млн.теңге бөлінді.  Мердігер – «Жаиксельстрой» ЖШС.

Екінші, Еңбек негізгі орта мектебі 1966 жылы қызметін бастады. Жаңа ғимаратта 10 оқу кабинеті бар, соның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, тілдер, информатика  және бастауыш сыныптар кабинеттері бар. Сонымен қатар екі шеберхана, спортзал, кітапхана, асханамен жабдықталған. Жаңа ғимаратты енгізу ауылдағы жұмыспен қамтамасыз етуге және 45-тен астам адамды жұмысқа орналыстыруға мүмкіндік береді.

Берілген қуаттылығы 60 орындық жаңа мектеп ғимараты 1532 м2 алаңын құрайды.  Мердігер – «Тәуекел» ЖШС.

Жалпы «Жайлы мектеп» Ұлттық жоба аясында Батыс Қазақстан облысында 2023-2025 жылдар аралығында  18 мектеп салу жоспарлануда. Негізі 2025 жылға дейін апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесін толық шешуге мүмкіншілік бар

Өңір басшысы ауыл түрғындарын ел дамуына, жаңа нысандардың ашылуымен  және келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, тарихи маңыздылығына тоқтап, елімізге береке-бірлік, әр отбасыға амандық тіледі.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
120 отбасы қуанышқа кенелді
10 Ақпан 2025
62 0
Оқиға
Өзін өлтірмек қыз құтқарылды
08 Ақпан 2025
260 0
Қалалықтар қаперіне
106 іс-шара жүзеге асқан
06 Ақпан 2025
390 0
Сайлау
Сайлаудың маңызы зор
06 Ақпан 2025
396 0
Сайлау
ХАБАРЛАМА
04 Ақпан 2025
270 0
Бәрекелді!
Сүйіктісіне ұсыныс жасады
02 Ақпан 2025
731 0
Білім
Колледжде жаңалық көп
30 Қаңтар 2025
1034 0
Қалалықтар қаперіне
Төтенше жағдай тіркелмеді
20 Қаңтар 2025
1887 0
Қоғам
Шекарашылармен кездесті
17 Қаңтар 2025
1565 0
Спорт
Жаңа тағайындау!
16 Қаңтар 2025
2240 0
Қалалықтар қаперіне
Рождество мерекесі құтты болсын!
07 Қаңтар 2025
3028 0
Бәрекелді!
Жылан жылына жаңа үй!
30 Желтоқсан 2024
3713 0
Дені сау ұлт
«Вакцина алу керек!»: аналар не дейді?
30 Желтоқсан 2024
3704 0
Көңіл айтамыз
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады
25 Желтоқсан 2024
4147 0
Қалалықтар қаперіне
«Jaña klub» орталықтары таныстырылды
16 Желтоқсан 2024
4985 0
Бәрекелді!
400 орындық мектеп ашылды!
14 Желтоқсан 2024
5287 0
Бәрекелді!
Мәслихаттың қоғамдағы орны ерекше
13 Желтоқсан 2024
5361 0
Ғылым
Ғалымның мұрасы ұлықталды
13 Желтоқсан 2024
5305 0
Бәрекелді!
Рухани құндылықтар орталығына – 80 жыл
12 Желтоқсан 2024
5230 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»