ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ ЖОҒАРЫ МЕКЕМЕ
14 қыркүйек күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтың және облыс әкімі аппаратындағы Әдеп жөніндегі уәкіл А.Р.Хайруллинаның қатысуымен БҚО еңбек инспекциясы басқармасының ұжымында кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру болып табылады.
– 2019 жылдың аяғында басшылардың дербес жауапкершілігі заңмен бекітілді. Яғни, саяси қызметкер үшін отставкаға кетуі, ал әкімшілік мемлекеттік қызметкер басшылары үшін тәртіптік мәселесі қаралады. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға ерекше мән берген жөн. Әр мемлекеттік мекеменің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуі қажет» – деп атап өтті Р.С.Ақмырзаев.
Еңбек инспекциясы тексеруші орган болғандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары мекеме болып табылады. Әр тексеру алдында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша қатаң ескертілуі қажет.
Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы мен миссиясы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу