8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қазан 2025 1210 0
Бәрекелді!

Еңбек адамын ел ұлықтады

Бүгін шаһарымызда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «ЕҢБЕК. АДАМ. ҚҰРМЕТ» атты жұмысшы мамандықтарының фестивалі өтті.

Алдымен, жиналған жұртшылық «Атамекен» өнер ордасының фойесінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері ұсынған көрмені тамашалады. Көрмеде жас шеберлердің қолөнер бұйымдары, өндірістік үлгілер мен инновациялық жобалар көпшілік назарына ұсынылды.

Кейін концерт залында аталмыш фестивальдің пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, сондай-ақ өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері мен студенттері қатысты. Жиынды БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафиуллин жүргізді.

Сонымен қатар, шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, БҚО іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, хризантема гүлдерін өсіруші, коллекционер Валентина Горбонова, Орал трансформатор зауытының мастері Ләззат Жұмаділдә және басқа да еңбек адамдары мен кәсіпкерлер арнайы шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Фестиваль барысында сөз алған өңір басшысы Нариман Төреғалиев:

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Еңбек адамына құрмет көрсету – мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Біз адал еңбекті әрдайым жоғары бағалаймыз» деп атап өткендей, өмірде көзге көп көрінбегенімен, қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген азаматтар бар. Біздің күнделікті өміріміздің әр сәтінде қарапайым жұмысшының қолтаңбасы бар, – деп атап өтті.

Жиын соңында бірқатар жұмысшылар мен мамандарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Фестивальдің көрме бөлігі Тұңғыш Президент алаңында жалғасын тапты. Мұнда он екі ауданнан келген жұмысшы кәсіп иелері өз өнімдері мен еңбектерін ұсынды. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында және қайтарымсыз грант иегерлері әзірлеген жобалар, жұмыс берушілер жәрмеңкесі, қолөнер және ауыл шаруашылығы техникасы көрмелері ұйымдастырылды.

Мерекелік көңіл-күйді асық ату мен арқан тарту жарыстары қыздырса, тұрғындар түрлі ұлттық тағамдардан дәм татты. Кешкісін фестиваль алаңда өтетін гала-концертпен қорытындыланбақ.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
214 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
264 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
437 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
424 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»