8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2020 1872 0
Өзек

ДОСЫН ШАМПУРМЕН ӨЛТІРГЕН

Досының жүрегіне шампур тығып өлтірген Оралдық 32 жасар тұрғын 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол өзінің әрекетін ішнәра мойындаған.

Төрт баланың әкесі Замир Рысмұхамбетов ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Сот талқысында анықталғанындай, 32 жастағы Рысмұхамбетов пен 30 жастағы марқұм Артур Бекжанов дос болған. Олар ортақ таныстарының ұлының дүниеге келуіне арналған отырыста бас қосып, ішімдік ішу барысында бір-бірімен сөзге келген. Ақырында Рысмұхамбетов шампурмен Бекжановтың жүрек тұсынан бір рет соққы жасаған. Ол алған жарақатының салдарынан сол жерде жан тапсырған.

Істі қараған судья Шара Зайнуллинаның айтуынша, З.Рысмұхамбетов кінәсін ішінара мойындаған. Рысмұхамбетовтің қылмысы аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Сондықтан ол 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Сонымен қатар жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, 3 млн. теңге моральдық залал өндірілетін болады. Марқұм бір үйдің жалғыз баласы болған және одан бір бала қалып отыр.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»