ӘДІСТЕМЕЛІК ЛАЙФХАК: ЖАҢА ЗАМАН МҰҒАЛІМІНЕ АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫ ГАЙД
Жаңа оқу жылы басталысымен Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің цифрлы мәдениетін қолдауға және дамытуға бағытталған «Әдістемелік лайфхак: Цифрлы гайд» жобасы қолға алынды. Бір ай бойы жоба спикерлері – Зияткерлік мектеп мұғалімдері өз әріптестеріне онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар, лайфхактар мен ұтымды шешімдерді таныстырып, олардың сабақта тиімді қолданылуын көрсетті.

Бүгінгі күн оқытудағы өзгерістердің жеделдігін көрсетуде. Виртуалды сынып, мобильді оқыту, EdTech, электронды бағалау, жасанды интеллектті қолданатын интеллектуалды оқыту жүйелері – бұл терминдердің барлығы жаңа заман мұғаліміне таңсық емес. Цифрлы құралдар педагогтерд үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың заманауи әдісіне айналып отыр.
Microsoft Teams алаңында «MIRO, PADLET, LINOIT виртуалды тақталарымен қызықты онлайн сабақ», «Оқытуда EDMODO платформасын қолдану мүмкіндіктері, «SOCRATIVE қосымшасы көмегімен бағалау және кері байланыс әдістері» «MOZAIC EDUCATION арқылы 3D презентация дайындау» және тағы да басқа тақырыптық атаумен вебинарлар сериясы ұйымдастырылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік Орталығы тренерлері жоба бойы спикерлерге кері байланыс беріп, пікірлерін айтып отырды.
«Әдістемелік лайфхак:Цифрлы гайд» жобасын іске асыру нәтижелері бойынша Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыс мұғалімдеріне арналған цифрлы форум ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу