8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2019 1703 0
Қоғам

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ИМАМДАР МЕН ТЕОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ

Орал қаласында имамдар мен теолог мамандардың діни біліктілігін арттыруға арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда имамдар мен теологтардың рөлі» атты оқыту семинар өтті.

Басқосуды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша  өкілдігі мен облыстық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Орал орталық мешітінің бас имамының міндетін атқарушы Әлімхан Тұрлыбеков пен БҚО дін істері басқармасының басшысы Мақсат Аралбайұлы сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак египет ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин  «Заманауи діни ағымдар және экстремизм», аталмыш университеттің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Нұржан Жақсылықұлы «қазіргі  таңдағы хадистану мәселелері», М. Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доценті Жаңабек Жаңабайұлы «Ұлттық сана» жайында дәріс оқып, кеңінен тоқталып түсіндірді.

Семинар соңында Ақжайық өңірінің имам-молдаларының сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруды, дін қызметкерлері арасындағы ауызбірлік пен ынтымақтастықты берік етіп ұстау қажеттігін атап өтті.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
245 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
219 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»