ДИМАШ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛУДЕ
29 маусымда «Астана-Арена» стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттердің 70%-ы сатылып кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Qazaqstan» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Дүние жүзіне әйгілі жас қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылық концертіне билеттер сатылымға шыққан күннен кейін, яғни бір аптадан соң 11099, ал қазіргі күні 15156 билет сатылып кеткен.Концертке билет сатып алушылардың ең көбі – қазақстандықтар, одан кейін Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Түркия, Нидерланды, Румыния, Польша және тағы басқа елдерден. Ең алыс елдердің арасында Бразилия, Мексика, Африка, Канада, Австралия секілді елдердің азаматтары бар.
«Концертке соңғы бір айдан бері Qazaqstan телеарнасының шығармашылық ұжымымен бірлесе қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Жазда өтетін жеке кешінде Димаш Құдайберген жаңа әндерін де орындайды. Әр номер ортақ идеяны жеткізетін жеке оқиға, мини-спектакль десе болады. Қазіргі сәтте барлық техникалық жағдай, мультимедиалық шешімдер, сахнаны безендіру, дыбыс пен жарық мәселесі шешілді. Енді декорация мен реквизит қарастырылып жатыр», – деді Ерлан Қарин.
Тіпті концертте арнайы кастингтен өткен бишілер ғана Димашпен бірге бір сахнада өнер көрсете алады.
Сондай-ақ, ең бастысы Қазақстан телерадиокорпоркациясы Димаш Құдайберген жайында деректі фильмнің түсірілім жұмыстарын бастап кетті. Мұнда оның сахнадан тыс өмірі, түрлі халықаралық концерттеріне дайындық барысы жан-жақты қамтылады. Қазірдің өзінде бірнеше түсірілімі түсірілген.
«Біздің түсірілім командасы Димаштың Мәскеу мен Қытайда ұйымдастырған концерттеріне дайындығын түсіру үшін арнайы сонда барды. Ең бастысы көрермендер оның бұрын-соңды көрмеген бейнематериалдарын тамашалай алады. Деректі фильм көрермен назарына шамамен күз айында жол тартады», – деді «Qazaqstan» РТРК АҚ Басқарма төрағасы.
Ұлттық арна көрермендеріне арнап, «Kinomax» жаңа мобильді қосымшасын жасап шығарды. Бұны әзірлеуге шамамен жарты жыл уақыт кеткен.
«Кез келген адам Android және IOS платформаларында тәулік бойы видеосервистерді қолдана алады. Бұл жерден соңғы және танымал отандық телехикаялар, көркем және деректі анимациялық фильмдерді онлайн режиммен қатар оффлайн режимде де көруге болады. Бұдан бөлек, тағы басқа қызықты жаңадан шыққан контенттер де кірістірілген», – деді ол.
Сондай-ақ, кішкентай бүлдіршіндерге арналған парақшалар да бар. Бұдан трендтегі әрі қызықты дүниелерді тамашалуға таптырмас мүмкіндік.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу