29 Наурыз 2022 1885 0
ҚоғамДЕРНӘСІЛМЕН КҮРЕС ДЕР КЕЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС
БҚО әкімі аппаратының кеңесінде шыбын-шіркейге қарсы күрес мәселесі талқыланды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Ғұбайдуллиннің мәліметі бойынша, 2021-2023 жылдарға арналған профилактикалық дезинсекция жүргізуге конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша «Магтоксин» ЖШС-мен 291 200,0 мың теңгеге келісімшарт жасалды. 2021 жылғы келісімшарт бойынша бюджеттен 93 306,0 мың теңге бөлініп, Орал қаласы және қалаға жақын орналасқан елді мекендердің 13 мың га аумағы өңделді. Биыл да дәл осындай қаражатқа шыбын-шіркей мен дернәсілге қарсы жоспарлы жұмыс жүргізілетінін хабарлады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев дезинсекция сапасын көпшілік жиі сынайтынын айтты.
Бұдан бөлек, облыс әкімі аппаратының кеңесінде облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Жұмабек Батырниязов «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында атқарылған жұмыс туралы баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы мемлекеттік бағдарлама ауқымында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 4,8 млрд теңге толық игерілді. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Былтыр бағдарлама аясында жастарға арналған гранттар беруге республикалық бюджеттен 39 млн теңге бөлінді. Qoldau.kz электронды порталы арқылы 2021 жылдың қыркүйек айында өткен конкурс нәтижесінде жалпы сомасы 162,2 млн теңгеге 35 жоба мақұлданды. Қазіргі кезде 39 млн теңгеге 8 жоба қаржыландырылды. Өткен жыл қорытыңдысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі 31,1 млрд теңгенің 261 жобасын мақұлдап, 26,8 млрд теңгенің 258 жобасы қаржыландырылды. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жалпы сомасы 500 млн теңгеге 46 шағын несие берілді.
– Қазіргі уақытта геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты көптеген мәселеге бетпе-бет жолығуымыз мүмкін. Сондықтан көктемгі егістік жұмысын жоспарланған деңгейде жүзеге асыруға күш салуымыз керек. Оған қосымша басқа да бизнес тетіктерін жандандандыру назардан тыс қалмауы тиіс.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
18 Маусым 2026
78 0
Заң және тәртіп
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
18 Маусым 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
18 Маусым 2026
165 0
Тағылым
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
18 Маусым 2026
111 0
Заң және тәртіп
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
17 Маусым 2026
104 0
Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
17 Маусым 2026
116 0
Заң және тәртіп
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
17 Маусым 2026
124 0
Заң және тәртіп
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
17 Маусым 2026
121 0
Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
16 Маусым 2026
147 0
Заң және тәртіп
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
15 Маусым 2026
191 0
Без рубрики
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
14 Маусым 2026
205 0
Жаңалықтар
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
14 Маусым 2026
258 0
Без рубрики
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
14 Маусым 2026
279 0
Жаңалықтар
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
13 Маусым 2026
224 0
Экономика
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
13 Маусым 2026
257 0
Экономика
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
11 Маусым 2026
318 0
Жаңалықтар
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
11 Маусым 2026
292 0

Кіру
Пікір үстеу