ДЕРКӨЛ КЕНТІ ӘКІМІ ҚОҒАМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Оралда кент, селолық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық мүшелері алдында есеп беруде. Бүгін, 10 ақпан күні Деркөл кенті әкімі Жұбан Жұмағалиев өткен жылдың қорытындысы бойынша кенттегі атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ осы жылдың жоспарымен бөлісті. Қоғамдастық мүшелерімен қатар бұл кездесуге қала әкімі Абат Шыныбеков, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Өткен жылы кент ретінде мәртебесі өзгерген Деркөлдің тұрғындары қазір 30 мыңнан асқан. 2020 жылдың шілде айынан кент әкімдігі аппараты жұмысын бастады. Алты ай ішінде аса ірі жобалар жүзеге асырылды деп айтуға болмас. Десек те кентті дамыту, абаттандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында жұмыстар жасалды. Кент әкімінің мәліметінше, өткен жылы қала әкімдігі бюджетінен есебінен кентте «елдімекендерді санитарлық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ «елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы жүзеге асырылып, аялдама павильондары, ойын алаңдары салынды. Бөлінген қаржы толықтай игерілген.
Әлеуметтік қорғау саласын дамыту, жол жөндеу жұмыстары биыл да жалғасын табады. Кентте өткен жылы жалпы 520 млн. теңге болатын біренеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылған. Дегенмен, қала әкімі Абат Шыныбеков инвестициялық тартымдылықты әлі де 4-5 есе арттыру, кент аумағында индустриалдық аймақ құру қажеттігін айтты.
Кездесу барысында қоғамдастық өкілдері Новостройка, Ветелки бағытындағы жолдың жағдайын, мал жайылымы мәселесін, балалардың бос уақытын өткізу мақсатындағы дамытушылық үйрімелерін ашу, жарықтандыру, қоқыс шығаруға қатысты сауалдарды көтерді.

Айта кетейік, пандемия жағдайына байланысты биыл әкімдердің халық алыдндағы есептік кездесулері онлайн форматта өтеді. Халыққа есеп беру жиынын Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтынан, әлеуметтік желідегі инстаграм(@uralskakimat), фейсбук(Орал қаласының әкімдігі) ресми парақшаларынан көруге болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу