ДЕПАРТАМЕНТТЕГІ «ONLINE-NAURYZ»
Ағымдағы жылдың 19 наурызында Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі департамент ұжымының басын қосқан «ONLINE-NAURYZ» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Онлайн режимде өткен іс-шараға департаменттің барлық бөлінісі белсене қатысып, бір-біріне ыстық лебіздерін жеткізді. Өз кезегінде Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Н.Рамазанов ұжымды ұлық мейрам Наурызбен құттықтады. Өткен жылғы департамент ұжымының қол жеткізген жоғары көрсеткіштерін атап өтіп, жаңа жылда да еңсерілер елеулі істердің көп болуына тілегін білдірді.
Жалпы Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар ұжымы игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, қайырымдылыққа шақыратын мәні зор халықаралық деңгейдегі бұл мейрамды жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырып, мерекенің маңыздылығын арттырып келеді. Департамент басшылығының да ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесіне қолдауы ерекше.

Ұлттық дәмге толы дастархан, жас пен кәрінің ажарын ашатын ұлттық киімдеріміз, сән мен салтанаты жарасқан ұлттық бұйымдарымыз мұнда да өз нақышын тапты, алайда қазіргі уақытта әлемді дүрліктірген жұқпалы коронавирус дертіне қарсы шаралардың ауыртпалығын жұмыла көтерісуге әрдайым дайын ұйымшыл ұжым биылғы Ұлыстың ұлы күнін осылай тойлады. Департамент ұжымы ел іргесі аман боп, жұртымыз жұқпалы дертті жеңіп шықса, тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурызды мерейі тасыған ұлы мереке етіп атап өтетін күн де оралар деген сеніммен заманауи онлайн форматта өткен мерекелік шараға өздерінің үлкен ризашылықтарын білдірді.
Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу