«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ: БҚО-ДАҒЫ ШАЛҒАЙ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық облыстарын аралап, тегін медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. 19 тамыз бен 26 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының 9 станциясының тұрғындары тегін медициналық консультация мен медпойыз мамандарынан алғашқы медицианалық көмек ала алады.

Медициналық пойыз мамандарына қаралған тұрғындардың саны күн санап өсіп келеді. Осылайша, 29 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін «Денсаулық» консультативті-диагностикалық пойызы 7 облыстың 101 станциясының тұрғындарына медицианлық көмек көрсеткен.
Медициналық пойыз дәрігерлері барлығы 15 522 тұрғынды тексеруден өткізген, оның 2 808 бала, жалпы дәрігерлік қабылдаудың саны 37 283 құрайды.
Жоба басталғаннан бері 1 279 шағын медициналық ота жасалған, 546 ФГДС процедурасы, 5 638 УДЗ(УЗИ) және 2 371 флюорография жасалған. Медициналық пойыз дәрігерлерінің ішінде ең көп адам қабылдап үлгерген ол -терапевт маман, оған 5 079 адам қаралған, офтальмолог 5 134 пациент қабылдаған және 4562 тұрғынды тексерістен өткізген кардиолог дәрігері.
Естеріңізге сала кетсек, жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді. «Медициналық пойыздың» басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр. Пойыздар неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Медициналық пойыз осы күнге дейін Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында болды. 26 тамызда «Денсаулық» пойызы Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмысын аяқтап, Ақтөбе облысына бет алады.

Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу