Дарынды оқушылармен кездесті
«Балалар жылы» аясында бүгін, 23 мамыр күні Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Орал қаласындағы дарынды шәкірттерді қабылдады. Оқушылар мен жетекші ұстаздарын оқу жылы аясында жеткен жетістіктерімен құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Биылғы оқу жылын қалалық білім беру ұйымдары табысты аяқтауда. Оқу жылы аясында ұйымдастырылатын барлық байқаулардың ішінде бәсі биік білім додасы – жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысында қала командасы – жүлделі бірінші орынды иеленсе, республикалық қортынды кезеңге қатысқан 27 оқушының 12-сі жүлдегер атанды. Олардың біреуі – алтын, төртеуі – күміс, жетеуі – қола жүлден иеленді.
Кездесуге олимпиаданың төрт кезеңдік сынынан сүрінбей өткен жүйріктер мен оларды табысқа жетелеген ұстаздар қатысты.
– Оқушыларымыздың республикалық деңгейде жетістікке жеткені бәрімізді қуантады. Осы деңгейге жету үшін сіздер тынбай ізденіп, табандылық таныттыңыздар. Бұл жетістік – сіздердің адал еңбегіңіздің нәтижесі. Осы жолда сіздерге бағыт-бағдар берген ұстаздарыңызбен, әр кез қолдау танытып бар жағдайды жасаған ата-аналарыңызға алғыс айтамыз. Қала мектептеріндегі білім беру үрдісі дұрыс жолға қойылған. Осы бағытта жұмысымызды жалғастырып, балаларымыздың биік белестерден көріне беретініне сенемін, – деді алғыс білдірді М.Сатқанов.
«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» ұстанымындағы дарындар кездесу барысында шығарамашылық байқаулардағы жетістіктері, зерттеушілік жұмыстарға қызығушылықтары туралы бөлісті. Болашақта еліміздің бәсекеге қабілетті жастары қатарын толықтырып, адал қызмет ететіндеріне сендірді. Сонымен қатар «Балалар жылында» дарынды оқушыларға көңіл бөлгені үшін қала әкімі Миржан Мұнайдарұлына алғыстарын жеткізді.
Ұстаздар атынан Жеңіс Хамзин, Татьяна Никифорова олимпиаданың әр кезеңі «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасымен жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, соның нәтижесінде ең дарынды, талапты ұландар озып, қала мерейін, облыс намасын абыроймен алып шыққанын атап өтті.
Кездесуде дарынды оқушылар мен жетекші мұғалімдеріне қала әкімінің атынан алғыс хаттар табысталады. Оқушыларға сый ұсынылып, ұстаздарына 50 мың теңге сертификат берілді.
Эльмира Асхатқызы,
Қалалық білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу