ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ОРКЕСТРІ 20 ЖЫЛДЫҚҚА 20 КОНЦЕРТ ҰСЫНАДЫ
Күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда жыл тақтасы ашылды.

Биыл күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерейдің туғанына – 200 жыл. Облыстық филармонияда күйші атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына – 20 жыл. Атаулы қос мерейтойға орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония Дәулеткерейдің шығармаларын кеңірек насихаттауды қолға алмақ. Күйшінің жаңа шығармаларын жинақтау, нотаға түсіріп, партитура ретінде шығару жоспарда. Сондай-ақ оркестрдің 20 жылдығына орай «20 жылдыққа – 20 концерт» атты ауқымды жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жоба аясындағы оркестрдің концерттік бағдарламалары өңір аудандарында және көршілес облыстарда өтетін болады. Алғашқы концерт күні кеше оралдықтардың назарына ұсынылды.
Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, мәдениет саласының үздігі Еркін Нұрымбетовтың мәліметінше, оркестр 2000 жылы құрылған. Қазір құрамында 50 шақты музыка маманы жұмыс жасайды. Олардың басым көпшілігі түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары. 20 жылдың ішінде оркестр көптеген қазақ және шетел композиторларының күрделі шығармаларын музыка аспаптарына түсірді. Бүгінде репертуарда 1000 шақты шығарма бар екен. Олардың 16-сы Дәулеткерей Шығайұлының туындылары.
Көптеген деректерде қазақтың әйгілі күйші композиторы, төре күйлерінің негізін қалыптастырушы Дәулеткерей Шығайұлының 1820 жылдың шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында дүниеге келді деп жазлыған. Десек те, нақты туған жылы ертерек. Бұл жөнінде Тихон Әліпқали күйшінің алғашқы жерленген Қарамолла жеріндегі құлпытасында 1814 жыл деп анық көрсетілгенін жеткізді. 1991 жылдың шамасында арнайы барған адамдар құлпытасты оқытып, суретке түсіріп, сол кезде баспасөз беттеріне жариялап жазған. Алайда, Дәулеткерейдің сүйегін Ордаға ауыстырып, қайта жерлегенде бұрынғы құлпытасы сақталмай қалған көрінеді.
Бұл әрине, зерттеуді қажет ететін мәселе. Дегенмен, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Қырымгерей Қажымов күйшінің туған жылына қатысты дәлелді дерек нақтыланса, оркестрдің атынан сүйіншісін беруге дайын екенін жеткізді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу