ДӘСТҮР МЕН ЗИЯТ ТОҒЫСТЫ
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасындағы желілік спартакиада жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.

– Төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де ол оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу, – деді ойын алдында қатысушыларды құттықтаған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Спартакиада нәтижесінде жоғары сынып оқушылары арасында 12-сынып оқушысы Бекарыс Жортабаев чемпион атанса, орта топта 8-сынып оқушысы Абылай Мәметан екінші орынды иемденді, ал 7-сынып оқушысы Санида Нұрсәлім қыздар арасындағы сында үздік үштікке кірді. Осылайша, оралдық құрама 7-9 және 10-12-сынып оқушылары арасындағы сында жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.
– Әр ұлттың өзінің зияткерлік ойыны бар. Мәселен, орыстардың дойбысы, африкалықтардың манкаласы, шығыс халықтарының госы. Біздің тоғызқұмалақ осы ойындардан талдауды қажет ететін күрделігімен ерекшеленеді, – дейді тоғызқұмалақтан үйірме жетекшісі Қанапия Қаяпбергенов.
Оқушылардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып келеді, оған ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға арналған жобалар NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие екені дәлел.
Айта кетейік, оралдық тоғызқұмалақшылар сонымен қатар республикалық чемпионаттарда өңір намысын қорғап жүр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу