ДҮКЕН, ПӘТЕР ТОНАП, ОҢАЙ ОЛЖА ТАПҚАН
Орал қаласында «Пәтер» атты республикалық жедал алдын алу шарасы өткізілуде. Аталмыш іс-шараны орындауға құрылымдық бөліністердің барлығы жұмылдырылды.

Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі кеше, 27 шілдеде Орал қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 1986 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тұрғынын бес рет ұрлыққа жол бергені үшін құрықтағанын хабарлады. Бұған дейін де ұрлық жасап, оңай олжамен күн көруді жоспарлап келген А. есімді күдікті 5 рет азық-түлік, шағын киім-кешек сататын дүкендер мен дүңгіршіктерге ұрлыққа түсіп, 2 пәтерді тонағанын мойындап отыр.
Орал қаласы Полийция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған күдікті 2018 жылы жаз мезгілінде пәтерге түскенін айтып берді. Оның сөзінше, 2018 жылғы 20 шілдеде сағат 15.00 шамасында Орал қаласы, Студенческая көшесіндегі бір пәтерде үй иесі жоғын байқап , пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашу арқылы ішке кірген. Үй ішін еркін аралап, корпусы қара түсті телевизор, қоңыр түсті әйел тонын, алқызыл жағалы әйел пальтосын ұрлап, пәтерден сытылып шығып кете барған. Ертесіне пәтеріне келген 1946 жылғы К. есімді азаматша ұры түскенін, үйдің шашылғанын байқап,полицияға телефон шалады. Оқиға орнына лезде барған полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын ресми тіркейді. Пәтер иесіне 320 мың теңге материалдық шығын келген еді. Ол дәл осындай жолмен тағы бір үйге ұрлыққа түскенін айтып мойындады.
«Пәтер» атты ЖАШ аясында басқарманың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Жергілікті полиция қызметі бөлімімен бірлесіп, «Қауіпсіз аула» бағдарламасына сүйеніп, тексерістер мен бақылауларды жалғастыруда. Басқарма Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жедел алдын алу шарасы 29 шілдеде аяқталады.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу