8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Тамыз 2020 1296 0
Дені сау ұлт

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ӨЗДЕРІНЕ СЫНАҒАН ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ

COVID-19 ауруына қарсы QazCovid-in вакцинасының әзірленуіне қатысты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты осындай хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцина COVID-19-ға қарсы бірінші отандық вакцинаны дайындау және сақтау технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын тікелей орындайтын институттың ғылыми қызметкерлерін толықтай эпидемологиялық қорғау үшін қажет болды. Аталған ғылыми қызметкерлер COVID-19-ға шалдығып қалған жағдайда институт отандық вакцина әзірлеуге бағытталған маңызды мемлекеттік міндетті орындайтын ең құнды мамандарынан ұзақ уақытқа айырылып қалар еді. Өзі дайындаған вакцинаны вакцинациялау медициналық және иммунобиологиялық препараттарды әзірлеушілердің жария емес ғылыми стандарты саналады. Әзірлеуші ең алдымен өзінің әзірлемесінің қауіпсіздігі мен иммуногендігін өзіне сынауы тиіс. Екіншіден, өзінің зерттеуінің нәтижесі мен сапасы үшін толықтай жауапкершілік алады. Осылайша, клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің қауіпсіздігіне кепілдік береді», – дейді институт директоры Күнсұлу Закарья.

Институт басшысының айтуынша қазақстандық вакцинаны өздеріне сынаған ғалымдардың бірнеше тәулік өткеннен кейін өздерін сезінуі жақсы, дене қызуы мен аллергиясы жоқ.

Еске сала кетсек бұған дейін қазақстандық бес ғалымның COVID-19-ға қарсы жасаған вакцинаны өздеріне сынап көргені хабарланды. Институттың хабарлауынша, COVID-19-ға қарсы QazCovid-in вакцинасын институттың бас директоры К.Закарья және ғылыми қызметкерлер: Л.Құтымбетов, Б.Хайруллин, М.Орынбаев, Қ.Сұлтанқұлов, Е.Әбдірайымов, С.Нұрабаев өздеріне сынаған.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»