ҰБТ: БҚО-ДА ТОҒЫЗ ТЕСТІЛЕУ ПУНКТІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы биыл өзгеріссіз. Маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініштер 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап мамырдың 10-ыншы жұлдызына дейін онлайн қабылданды. ҰБТ облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және БҚМУ, БҚАТУ-да орналасқан тоғыз тестілеу пунктінде өтеді. Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметкеркері Үміт Жәңгірова хабарлады.

2017 жылдан бастап мектеп бітірушілермен бірінші кезеңде – мектептерде қорытынды аттестаттау өткізіледі. Мектеп бітірушілерге арналған бұл мемлекеттік емтихан тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі. Екінші кезең Ұлттық бірыңғай тестілеу, жоғары және немесе (жоғары) оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет өткізіледі – қаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз. Ал маусым айында өтетін ҰБТ-ға мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға тапсырады.
– Барлық тестілеу пункттерінде тестілеудің өту барысында ҰБТ өткізу технологиясы сақталады. ҰБТ-ны айқын және объективті өткізу үшін барлық жерде металл іздегіштер, ұялы телефондардың сигналдарын тұншықтыру және бейнебақылау қондырғылары қолданылады. ҚР «Білім туралы» заңының 6-бабына сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органы білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады, – деді Үміт Жәңгірова.
ҰБТ ағымдағы жылдың 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтпек.
Биыл Батыс Қазақстан облысы бойына 5142 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 4 366 ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.
Қазіргі уақытта ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстары БАҚ, интернет ресурстарда, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жүргізілуде. Білім басқармасының инстаграмдағы bbdo2020 парақшасында 11-cынып оқушыларына арналып ҰБТ-ға онлайн дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу