БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ПАЙДА БОЛАДЫ
Инвестициялық жоба облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында мақұлданды.
Алдағы уақытта оралдықтар мен қала қонақтарына жайлы демалыс сыйлайтын жасыл желекке оранған жаңа ботаникалық бақ өсіріледі. Бұл бақты С.Исаев атындағы халықаралық экспериментальдық тәлімбақ жетекшісі Қайрат Кәрімов ашпақ. Ботаникалық бақ үшін Шолохов көшесіндегі айналма маңындағы бос жерден 11 гектар жер беріледі.
Жиында жоба авторы кеңес мүшелеріне болашақ бақты жан-жақты таныстырып өтті. Құны 400 млн. теңге тұратын жоба екі кезеңде жүзеге асырылады – 2026 жылға дейін бірінші кезеңі жоспарланған, 2031 жылы толықтай пайдалануға берілетін болады. Инвестордың сөзінше,10 жыл ішінде сирек кездесетін ағаштар мен бұталар бақшасын, дәрілік өсімдіктер, ресейлік коллекциялардың бағын, гүлзарлар, тоған мен көрме алаңын құру көзделіп отыр. Демалыс орындары, көгал, жолдар дайындалады.
– Қазақстан мен Ресейдің өңірлерінен ағаштар мен көшеттердің сирек кездесетін сұрыптарын әкеліп түптендіремін. Мәскеу мемлекеттік университетімен, Алматы және Нұр-Сұлтандағы ботаникалық бақтармен ынтымақтастық келісімшарты жасалды. «Ясная поляна» Л.Толстой музейімен келісім жасалуда, олар маған Лев Толстой бағынан 15 байырғы сұрыпты бермек. Батырхан Шүкенов Алматының іргесінде отырғызған бақтан да бауыры Бауыржан Шүкенов ағаш түптерін беріп жібермек, – деді Қайрат Кәрімов.
Сондай-ақ бұл бақ жергілікті университеттер мен колледж студенттеріне ғылыми білім беруге пайдаланылмақ. Бұдан бөлек, халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарлар өткізуге болады.
Облыс басшысы Ғали Есқалиев жоба коммерциялық мақсаттан гөрі, өңір тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыруда маңыздылығы басым екенін атап өтті.
– Кәсіпкерлердің осындай идеяларына қолдау көрсету қажет. Ботаникалық бақ батысқазақстандықтар мен қаламыздың қонақтары демалатын Оралдың ең әдемі жерлерінің бірі болмақ. Біздер саябақтар мен тынымбақтарды көбейтуіміз қажет, мұндай бақтар, әсіресе, жаңа шағынаудандарда және халқы жыл санап көбейіп келе жатқан Зачаганск кентінде сұранысқа ие, – деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.
Инвестициялық жобаның құжаттарына қол қойылған соң, берілген аумақ қоршалады. Сонымен қатар болашақ ботаникалық бақ аумағына инженерлік коммуникациялар тарту үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінуі тиіс.
Айта кетейік, Қайрат Кәрімов қала іргесінде С.Исаев атындағы халықаралық экспериментальдық коллекциялық тәлімбақты өз қаржысына құрған бағбан. Бұрынғы 5 гектарлық алма бағын алып, 2012 жылдан бері бақ өсірумен шұғылданып келеді. Қазір ол әйгілі ғалым-селекционер Мичуриннің тікелей шәкірті – Сергей Иванович Исаевтың ісін жалғастырып, алманың 200, жүзімнің 175 түрін өсіріп отыр.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу