БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАР ҮШІН ҰБТ-ДАҒЫ ШЕКТІ БАЛЛ 75-КЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛДІ
Білім және ғылым министрі үкіметтің онлайн отырысында мектептің үздік оқушыларын педагогикалық мамандықтарға қалай тартатынын айтты.
Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоның педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балды қайта қарағанын хабарлады.
«Педагогтарды даярлау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар күшейтілді. Шекті балл 50-ден 75 балға дейін көтерілді. Сонымен бірге болашақ мұғалімдер үшін шәкіртақы мөлшері 42 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Олар ең жоғары шәкіртақы алады, бұл президенттің жеке тапсырмасы», – дейді министр.
Нәтижесінде педагогикалық мамандықтарды таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есеге артқан. Ал талапкерлердің орташа балы 60-тан 90 балға дейін жеткен.
Одан бөлек, 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандықтардың түлектері кәсіби шеберлігін анықтайтын сертификаттаудан өтеді.
Асхат Аймағамбетов осындай шаралардың арқасында білім сапасының жақсаратынына сенімді.
Еске сала кетсек, елімізде гранттағы студенттер енді оқудан кейін 3 жыл мамандығы бойынша қызмет етуі тиіс екенін жазған едік.
Одан бөлек, Асхат Аймағамбетов Қазақстанда колледжге оқуға түскендердің оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. «9-сынып негізінде колледжге түскендер үшін оқу мерзімін үш жарым жылдан екі жылға дейін, 11-сынып негізінде оқуға түскендер үшін екі жарым жылдан бір жарым жылға дейін қысқарту жоспарлануда», – деді министр үкімет отырысында.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу