8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2022 10800 0
Өзек

Болашақ бағдарының жаңа мүмкіндігі

Президенттің жолдауында айқын, нақты тапсырмалармен міндеттер айтылды. Еліміздің болашақтағы бағдары нақтыланды. Ел басшысы Қ.К.Тоқаев бұрыннан халық арасында айтылып,шешімі табылмай жүрген мәселелерді атап өтті. Әсіресе, «Ұлттық қор – балаларға» , «Балаларға арналған алғашқы мақсатты капитал» шын мәртебеге ие болады. Ұлттық қордағы кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады .Осы ауқымды бастаманы тыңғылықты пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатыны қуантарлық жәйт. «Ұлттық қор» ұлтқа шындап қызмет етеді деген сенімдеміз. Мемлекет басшысының бұл шешімі балалардың болашағына сенімділік береді. Халықтың әл – ауқаты әрқашан басты назарда тұрады. Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығынан нақты үлес алуы керек,- деді Президент өз Жолдауында
Мұндай жаңа бастамалар халықтың қолдауына ие болары сөзсіз. Сайып келгенде,түпкілікті нәтижелер – әрбір қазақстандықтың әл -ауқатының сапалы, саналы өсуін қамтамасыз етуі керек.
Жолдаудың тағы бір ерекшелігі – әйел адамдардың зейнет жасы бойынша 2028 жылға дейін 61 жастан зейнеткерлікке шығу мәселесінің шешімін табуы. Бұл – аналардың жанайқайының билікке жетіп, нақты міндеттер айқындалғанын көрсетеді. Еліміздің әрбір азаматына қолдау болатын саяси бағдарлама деуге болады. Жолдауды жүзеге асыруға әр тұлға үлес қосса, ел болашағының жарқын боларына сенемін.

Гаухар ШАЙХИНИЯЗОВА
«АМАНАТ» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
64 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
102 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
198 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
182 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»