БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРДІ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ ТӘСІЛДЕРІ АЙТЫЛДЫ
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттік Аппаратының Басшысы Саян Ахметжанов талқылау және шешім қабылдау тетіктерімен байланысты бизнес-процестерді трансформациялау тәсілдері туралы хабарлады.

– Жыл басында қоғаммен диалог тұжырымдамасына негізделген Агенттік алқа отырысының жаңа форматы табысты сынақтан өтті. Сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер тікелей эфирде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы проблемаларды талқылады. Келесі қадам ретінде Агенттік «жоғарыдан-төменге» бір жақты шешім қабылдауға негізделген апта сайынғы аппараттық кеңестердің стандартты регламенттелген нысанынан стратегиялық сессиялар форматына, яғни жаңа идеяларды әзірлеуді ынталандыратын көлденең диалогқа көшті, – деді спикер.
Тақырыптар енді Агенттіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, барлық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметімен байланыстыра отырып анықталады.
Жұмыс тақырыптардың стратегиялық және инновациялық бағыты, Агенттіктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның олардың аумақтық бөлімшелері мен Агенттіктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық қызметкерлерін талқылауға барынша тарту, осы алаңды нақты шешімдерді әзірлеу және жылдам нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдалану тәсілдері бойынша ұйымдастырылады.
Ұжымның пікірін есепке алу, бастаманы көрсету үшін жағдай жасау мақсатында ұжымның әрбір мүшесі Ақпараттық жүйелер арқылы жүргізілетін сауалнамалар сияқты кері байланыс тетіктерін енгізеді. Құрылымдық және аумақтық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты ұйымдардан келіп түскен ұсыныстар стратегиялық сессияларда талқыланады. Стратегиялық сессиялардың форматы Агенттік жұмысында формализм мен бюрократияны алып тастады, ашықтық пен стратегиялық ойлауды, креативтілік пен бастамашылдықты қамтамасыз етті.
Агенттік кәсіби-стратегиялық мемлекеттік аппараттың дамуын қамтамасыз ететін уәкілетті орган бола отырып, одан әрі де ынтымақтастықтың жаңа мәдениетін енгізетін және барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көлденең өзара іс-қимылының алдыңғы қатарлы нысандарын тарататын болады. Бірінші стратегиялық сессияда Агенттіктің миссиясы мен құндылықтары, басшылардың және қызметкерлердің Агенттіктің негізгі мақсаттары мен құндылықтарын түсінуі талқыланды, бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелері қаралмақ.
Бүгінде мемлекеттік қызметтің алдыңғы қатарлы жүйесі бар мемлекеттердің тәжірибесі зертелді (АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, БАЭ). Агенттік миссиясының алдын ала редакциясы әзірленді, ол «Біз халықтың сенімі мен әл-ауқатына негізделген мемлекеттік қызметті дамытамыз» деп аталады.
Бұдан басқа, интерактивті сауалнама әдісімен әр қызметкерден алынған Агенттіктің құндылықтарын анықтау бойынша ұсыныстар қаралды. Ұсынылған құндылықтар нұсқаларының ішінде «ашықтық», «парасаттылық», «креативтілік», «тиімділік» және «транспаренттілік» басым болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу