8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Шілде 2019 1840 0
Қоғам

Биылдан бастап білімін растамаған түлекке диплом берілмейді

Бұдан былай мемлекеттік грантта оқыған интерндер де ауылда 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Осылайша 7 жыл бұрын қабылданған заң биыл күшіне еніп отыр. Ауыл квотасымен оқыған дәрігерлер шалғайдағы кадр тапшылығын жоймай отыр. Былтыр елді-мекенге 700 түлек жіберілсе, биыл олардың саны 2000-ға жеткен дейді. «Ауылға 2000 түлек жіберілсе де, әлі кадр тапшылығы шамамен 30 пайыз. Сондықтан алдағы 2 жыл мемлекеттік грантта оқыған медицина мамандарын ауылға жібереміз. Бұл – заңда көрсетілген міндет», – дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, енді медициналық университетте жалпы білім алу мерзімі 1 жылға қысқаратын болды. Яғни студенттер жоғарғы оқу орнында 7 жыл емес, 6 жыл оқиды. Министрлік тиімді оқыту жүйесін енгізіп, интернатураның 1 жылын алып тастады. Бұдан бөлек, биылдан бастап білімі расталмаған түлекке диплом берілмейді. Ведомсто болашақ дәрігерлерді тәуелсіз бағалаудан өтуге міндеттеп отыр. «Биыл бітірген 11 түлек өз білімін растай алмады. Енді олар 1 жыл ішінде бұл емтиханды қайта тапсыруға міндетті. Содан кейін ғана дипломдары беріледі. Еңбек нарығына өту үшін қазір қатаң жүйе енгізілген», – деді министр.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»