8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2021 788 0
Қоғам

БИЫЛ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Қазіргі уақытта аудандастыруға дайындық жүргізілуде. Санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу – 2021 жылғы Ұлттық халық санағының басты жаңалығы. Деректерді жинау веб-сайт арқылы жүргізіледі және интервьюерлер бұрынғыдай қағазға толтырмай-ақ, планшет қолданатын болады.   

 Интеграцияланған визуалды сәйкестендіру жүйесі үшін ұлттық халық санағының логотипі мен ұраны бекітілді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!!!» ұранымен өтеді.

Санақ кезеңінде халыққа санақ мәселелері бойынша «1446» байланыс орталығының ұялы және стационарлық нөмірлерінен ақысыз бірыңғай телефон нөмірі арқылы онлайн кеңестер жүргізіледі.

 2021 жылғы халық санағын өткізу кезінде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының желісі бойынша қызметтік міндеттерін (дипломатиялық корпус) орындаумен немесе ұзақ мерзімді қызметтік іссапармен, оқуға («Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындарды қоса) байланысты 12 ай және одан көп мерзіммен шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олармен бірге жүрген олардың отбасы мүшелерін қоса), тұрақты тұратын жері басқа елде, бірақ халықты есепке алу сәтінде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша (12 айдан аз) жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және Қазақстан Республикасының азаматтары санақ есебіне алынады.

Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы және студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша оқитын студент-магистранттарды қоспағанда, 12 ай және одан көп мерзімге шетелге жұмысқа немесе оқуға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (12 айдан аса болмайтын кезеңінің ұзақтығына қарамастан), өз мемлекеттерінің дипломатиялық және басқа өкілдіктерінде жұмыс істейтін шетел азаматтары, шетелдік әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері санақтан өтпейді.

Биылғы ұлттық санақты өткізудегі басты ерекшелік – процесті автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу. Халықтың деректерін жинау процесі екі жолмен жүргізілетін болады.

– Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге онлайн-сауалнама жүргізу, олардың орналасқан жеріне қарамастан, өз бетінше халық санағын аяқтауға өздері және отбасы мүшелері сауалнамалар толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулік бойы жұмыс істейді. Екіншісі – дәстүрлі үздіксіз санақ онлайн-санақты белгіленген мерзімде өтпеген респонденттер арасында өткізіледі. Жаңашылдық – интервьюерлердің жаппай аралау кезінде электронды планшеттерді қолдануы. Бұл мәліметтерді жинау кезінде санақ қызметкерлерінің еңбек шығындарын, адам факторының деректер сапасына әсерін азайтуға, ЖСН-ді қолдана отырып, халық санағы деректерінің сенімділік деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе тауарларын үнемдеуге, сондай-ақ интервьюерлердің ыңғайлылығы мен ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы әдіспен бастапқы деректерді автоматты түрде енгізу және оларды республикалық деңгейде өңдеу қамтамасыз етіледі, – деп түсіндірді  ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының БҚО бойынша департаменті басшысы Болтай Мәжитқызы.

Осылайша деректерді жинау және өңдеу процесінде жоғары тиімділік қамтамасыз етілмек. Планшетке арналған мобильді қосымша әзір. Ол интервьюерге барлық арифметикалық және логикалық бақылауды ескере отырып сауалнама жүргізуге, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдануға және сауалнама аяқталғаннан кейін алынған мәліметтерді VPN арнасы арқылы тікелей жалпы базаға жедел жіберуге мүмкіндік береді.

1 маусымда бірінші кезең басталды – интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың мекенжайын, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елдімекенді аралауды бастады. Осы кезеңде аудандастыруға дайындық жүреді. Яғни, 2-кезеңді өткізу үшін аймақтағы әрбір елдімекеннің аумағы нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлінеді. Негізгі кезең – 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында. Осы уақытта интервьюерлер үйлерді аралайды.

Деректердің қамтылуы мен дұрыстығын тексеру мақсатында респонденттердің 10 пайызына бақылаулық аралау  өткізіледі. Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
23 Шілде 2021
483 0
Қалалықтар қаперіне
ВАКЦИНА АЛҒАН БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК БАР
23 Шілде 2021
531 0
Қоғам
ШАРУАЛАР ЖАЙЫНА АЛАҢДАДЫ
19 Шілде 2021
501 0
Қоғам
ҚОЛӨНЕРШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР
16 Шілде 2021
754 0
Дені сау ұлт
БҚО ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 41 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕ АЛДЫ
16 Шілде 2021
745 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛДАҒЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫН АШУДА
16 Шілде 2021
816 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»