БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМДІ SMS АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
Қазпошта БЖТ-ні SMS арқылы төлеу мүмкіндігін іске қосты

Ұлттық пошта операторы Wooppay-мен бірлесе SMS арқылы Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуге мүмкіндікті іске асырды. Ұлттық компаниялардың электрондық ақша жүйесімен стратегиялық әріптестігі жақын арада SMS арқылы интернет-дүкендердің салықтарын және тауарларын төлеуді бастауға мүмкіндік береді.
«БЖТ төлемі әлдеқайда оңай және қолжетімді болды. Ұялы телефон арқылы төлемдерді жасаудың артықшылығы даусыз, ұялы телефон әрдайым қол астында, бұл уақытты және ақшаны үнемдеуге жаңа мүмкіндік. Банкке барып, кезекте тұрып, уақытты жоғалтудың қажеті жоқ. Ең бастысы – ұялы телефоныңыздың теңгерімінде ақшаның болуы», – деп «Қазпошта» АҚ-ның бизнес жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков жаңа қызметтің артықшылықтарын түсіндірді.
Бүгінгі таңда осы қызметті Kcell, Activ және Beeline абоненттері пайдалана алады. Төлем жүргізу үшін 5505 нөміріне «gorodesp ИИН» (елорда, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін) және «seloesp ЖСН» (басқа елді мекендер тұрғындары үшін) мәтіні бар SMS-ті жолдау қажет. Теңгерімнен төлем сомасы мен 100 теңге көлеміндегі комиссия есептен шығарылады. БЖТ төлемі SMS жіберілген айда есептеледі.
SMS арқылы төлемді, банк карталарынан дәстүрлі төлеммен бірге Paypost интернет-эквайрингі қабылдайды. «Болашақ ұялы телефонның теңгерімі арқылы төлем жүргізу болатынына сөзсіз. Қазпошта осындай тәсілмен төлеуге болатын қызметтер спектрін одан әрі кеңейтетін болады. Ұялы телефон үнемі жаныңда болатын және оның көегімен өзіңнің жеке қаражатыңды басқаруға болатын шағын жинақ кассаға айналуы керек» – деді Бауыржан Айнабеков.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу