БІРНЕШЕ ЖЫЛДАН БЕРІ ҰРЛЫҚ ЖАСАП ЖҮРГЕН АЗАМАТ ҚОЛҒА ТҮСТІ
14 ақпанда Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шаралары барысында бұған дейін Орал қаласындағы 6 гараждың есіктерін кілттерді үйлестіріп ашып, ашылмаған қайсыбірін бұзып, ұрлыққа жол берген күдіктіні өз мекен-жайынан ұстады.

1959 жылғы Орал қаласының тұрғыны бұған дейін заң алдында жауапталған. Күдікті 2018, 2019 жыл ішінде ұрлық әрекеттерін жасап, 2020 жылдың ақпан айына дейін жалғастырған. Ақпан айында кезекті ұрлыққа жол беріп, көп кешікпей жедел уәкілдердің қолына түсті.
Ол «Космос», «Победа» сынды гараж кооперативтеріндегі гараждарды нысанаға алып, ұрлыққа түсіп, гараж ішіндегі жеке мүліктерді өз үйіне жеткізіп отырған. Қазіргі күні ұрланған заттардың көпшілігі полиция басқармасына жеткізілді. Жеткізілмеген жеке мүліктер де баршылық. Әсіресе, ұрланған заттардың қатарында балық аулайтын құралдар, құрал саймандар, киім-кешектер мен су жаңа ыдыс-аяқтар, жеңіл авткөлік дөңгелектері, кішкентай балалардың ойыншықтары бар екен. Жалпы, гаражда сақталатын және сақтауға болатын заттардың барлығы бар.
БҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлыққа барғанда қасында көмекшілері де болған көрінеді. Мысалы, 21 қаңтардан 30 қаңтарға дейінгі аралықта «Победа» гараж кооперативіндегі бір гараждың есігі ашылмағасын кілтті арнайы аппаратпен кесіп түсірген. Іштегі жеке мүліктерді өз үйіне тасып бітірген. 1985 жылғы гараж иесі Е. есімді азаматшаға 1 миллион теңге шығын келді. Қазіргі күні өзге бес гараж қожайындарына келтірілген шығын есептелуде. Олардың біріне 1 миллион, екіншісіне 5 миллионнан астам материалдық шығын келген.
Бүгінгі күні Орал қ.ПБ тергеу бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК нің 188-бабының 3-бөліміне сай ұрлық фактісі деп қаралып, 6 эпизодты қылмыспен тергеу амалдары жүргізілуде.
2019 жылы гараждағы ұрлық фактілеріне қатысты 123 факті тіркелген. 2020 жыл басталғалы бері 8 гараждағы ұрлық оқиғалары тіркеліп, 5 қылмыс ашылған. Бұлтартпас айғақ заттардың көпшілігі сондай, кейбіреулерін иелері танып, алып кетуде.



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу