Бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ
Бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы беріледі, – бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте онлайн режимде өтіп жатқан Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауды күшейту және оларды экономикалық өмірге араластыру бойынша шаралар іске асырылады.
Жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесі 2020 жылғы 23 пайыздан 2025 жылы 30 пайызға дейін артады. Осы жылы мүгедектігі бар адамдардың 80 пайызы қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі, ал 2025 жылы барлық мұқтаж адамдар толығымен қамтылады, – деді Мамин отырыста.
Премьер-министрдің сөзінше, үнемі күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметтерін пайдаланбайтын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтың барлығына 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы берілетін болады.
5 жылдың ішінде бұл мақсаттарға 73,2 млрд теңге бөлінеді. 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша 15 орталық ашылады, – деп түсіндерді Мамин.

https://baq.kz/news/othernews/birinshi-toptagy-mugedektigi-bar-azamattarga-aleumettik-zhardemaky-beriledi/
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу