БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ
Коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында БҚО-да бірқатар қатаң карантиндік шектеу шаралары қабылданды.
Түнгі және ойын клубтарының, барлардың, кальянның жұмысына, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салумен қатар, 24 маусымнан бастап бірқатар қатаң карантиндік шектеу шаралары қабылданды. Жабық үй-жайларда да, ашық ауада да жәрмеңкелерді өткізуге тыйым салынды. «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан, нысандарға демалыс күндерінің локдауны енгізілді – жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес), сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және СОО фитнес-орталықтары, қоғамдық тамақтану объектілері сенбі және жексенбі күндері жабылды.
14 шілдеден бастап жексенбі күндері, 24 шілдеден бастап сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды.
«Ashyq» жобасы енгізілген сәттен бастап COVID-19-ға оң нәтижесі бар және науқастармен байланыста болған науқастар карантиндік шараларды, үйде оқшаулауды көп сақтамайтыны, адамдар көп жиналатын орындарға баратыны байқалды.
«Ashyq» қосымшасының деректері бойынша тамыз айында «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде «сары/қызыл» мәртебесі бар 344 адам келуші арасында анықталды. Олардың ішінде ең көбі Орал қаласында тіркелді. Анықталған бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы 1-бөлігімен 80 хаттама толтырылып, жеке тұлғаларға 3 471 230тг. мөлшерінде айыппұл салынды» деп хабарлады БҚО санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысы күшіне енді.
Қаулы бойынша 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырған адамдарды қоспағанда) талап етіледі. Ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізіледі (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу), бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.), мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізілмейді.
– Сонымен қатар, білім беру ұйымында коронавирус анықталған жағдайда, мысалы сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде –сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады, ал орта білім беру ұйымында бір ауысымның 30 пайыздан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде тіркелген кезде – ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады, колледждерде, жоғары оқу орындарында 1 инкубациялық кезеңінде бір лек топтарының 30%-дан астамында COVID-19 ауруы тіркелген кезде – лек 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады, – деп түсіндірді БҚО мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу