БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҮЗДІК ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ АНЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психологы, тәлімгер мен әлеуметтік педагогтерден құрылған үздік командалық жұмыс жүйесін анықтау, қолдау мақсатында «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» атты облыстық командалық байқау өтті.

Байқау II бөлім бойынша ұйымдастырылды. I бөлімде қатысушылардың «Заманауи оқушыларды тәрбиелеудегі әлеуметтік және шығармашылық жобалары» туралы бейнероликтері интербелсенді таныстырылымы YouTube желісінде өтсе, II бөлімі күндізгі сайыс ретінде Жаңақала мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні оздырылады. Байқауда «THE BEST GROUP SCHOOL» тұсаукесері және «Ортақ міндет, бір ұжым» еріктілер жұмысын ұйымдастыру бойынша үгіт-насихат жүргізу барысы, практикалық бөлімі көрсетілді. Байқауға әрбір ауданнан және қаладан, облыстық мектептерден 14 команда, 70 білім беру саласының қызметкері қатысты. Шара барысында қатысушылар мектеп алаңына 12 түрлі жеміс ағаштарын отырғызды.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Орал қаласы, Ə.Молдағұлова атындағы N38 мектеп-лицейінің командасына бұйырды. 2 орынды Бəйтерек ауданы Щапов ЖОББМ командасы мен Бөрлі ауданы, Пугачев ЖОББМБК-ның командасы иеленді. 3 орынды Ақжайық ауданының Қ.Байсықов атындағы ЖОББМ, Бөкейордасы ауданы Ш.Жексенов атындағы ЖОББМ, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты бөлісті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу