8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Наурыз 2020 1602 0
Қалалықтар қаперіне

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ: «ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА СЕНБЕУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ»

Әлеуметтік желілер арқылы мектепте және көшеде рейд жүргізілетіні туралы ақпарат таратылуда. Whatsapp арқылы таралған хабарламада осы кезеңде мектеп ғимаратында оқытушылардың қатысуымен үйірме немесе қосымша сабақтар жүргізілсе, мектеп жауапқа тартылатыны, ал көшеде, дүкендерде немесе автобустарда балалар болса, ата-аналарына айыппұл салынатыны жазылған. Бүгін БҚО білім басқармасы бұл хабарламаның жалған екенін ресми түрде мәлімдеді.    

«Өңір тұрғындарын мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарынан және білім басқармасының ресми парақшаларынан басқа жерлерде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз! Осы уақыт аралығында өтініштер мен сауалдарыңызды БҚО білім басқармасының Facebook-тегі BQO Bilim basqarmasy baspaso’z qyzmeti (https://www.facebook.com/bqobilim/) және инстаграмдағы ресми парақшамызға @bqobilim (https://instagram.com/bqobilim?igshid=mt2mrl3r7unj) жібере аласыздар. Сондай-ақ, +7 (71-12)-31-23-38, 8-747-112-74-07 байланыс телефоны арқылы басқарманың Call-орталығына хабарласуларыңызға болады» делінген облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінен түскен хабарламада.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
112 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
168 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
234 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
266 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
311 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»