БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев салтанатты жағдайда партияның қазіргі депутаттары мен белсенділеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттарын табыстады.


«Партия Көшбасшысының шешімімен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, сайлауалды штаб мүшелері, бақылаушылар, сенім білдірілген адамдар, партия ардагерлері алғыс хаттармен марапатталуда. Бұл сайлау алдындағы жұмысқа белсенді қатысқандарыңыз үшін беріліп отырған марапат. Сөзсіз, біздің жеңісіміз сенімді болды, оған қарсыластарымыздың мәлімдемелері дәлел болады. Бұл бірге атқарған ортақ үлкен жұмысымыз. Баршаңызға партия Көшбасшысының атынан рахмет айтамын. Жұмыс енді басталып жатыр, біз барлық сайлауалды бағдарламаларымызды орындауымыз керек. Қазір уәделерді жүйелеу және орындау үшін жол картасын әзірлеу үстіндеміз. Тұрғындардан төрт мыңдай ұсыныс-тілек жиналды, біз олардың барлығын пысықтаймыз, – деген Мұрат Рахметұлы алғыс хаттарды табыстап, марапатталушыларға сәттілік тіледі.
Партия белсенділері өз кезегінде Елбасына жылы лебіздерін білдіріп, өткен сайлаудан алған әсерлерімен бөлісті.
«Біздің сайлау учаскесінде сайлаушылар 1800 бюллетень алуы керек еді, бірақ іс жүзінде 10 қаңтарда кешкі сағат алтыға дейін 2122 адам бюллетень алуға келді», – деді партияның Батыс Қазақстан филиалының сайлау штабының мүшесі Ақсерік Әйтімов.
«Біз – оралдықтар, саяси белсенділігімізді көрсеттік. Бұл біздің Ұлт Көшбасшысы белгілеген бағытқа деген адалдығымыздың тағы бір дәлелі. Енді қағаз жүзінде емес, іс жүзінде бағдарламалар мен тапсырыстарды жүзеге асыру қажет, сонда тұрғындар тиімді нәтижеге ие болар еді», – деді партия белсендісі Вячеслав Валиев.
«Адамдар біздің соңымыздан ерді, біз бұл сенімді ақтауымыз керек», – деген Мұрат Рахметұлы алдағы жұмыс бес жылдан кейін өтетін келесі сайлауға негіз болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу