8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2020 1675 0
Жалын

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Сүйінші хабарды БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орны және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру.Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғарғы оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.
2018 жылы іріктеу кезеңде екі мыңға жуық окушы бақ сынап, солардың 55-і үшінші кезеңге жолдама алған болатын. Оқушылар математика, физика, ағылшын тілі, «Эрудит» эссе конкурсы сынды төрт пәннен бақтарын сынай алады. Аталмыш олимпиада өңіріміздің 12 ауданында екі жыл бойы өткізілді, бірінші және екінші кезеңдер аудан орталықтарында өткізіліп, үшінші қорытынды кезең былтырғы жылы Астана қаласында, биыл Қапшағайда өтті. Екі жылдың қорытындысы бойынша 30 оқушы Бурабайдағы халықаралық стандартпен салынған мектепте білім алуда.

Биыл 1351 окушы қатысып, соның 48-і үшінші кезеңге жолдама алды. Қапшағай қаласында өткен қорытынды кезеңде математика пәні бойынша Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Альбина Хасанова 3 орын алса (оқытушы Рысты Суюнгараева), Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Дильшат Айтқалиев 2 орын иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәнінен БҚО командасы «Үздік команда» номинациясының жеңімпазы болып танылды.

Сонымен қатар Қаратөбе ауданының Мұхит жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Фатима Аманбаева мен Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев мектебінің оқушысы Лаура Шынгужиева жүз үздік оқушының қатарына ілікті.

 zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»