БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ «ӨРТТЕГІ ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Ақжайық ауданындағы К.Байсыков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Медет Жүнісов екі адамды өрттен құтқарды. Батыр оқушыны салтанатты түрде марапаттау БҚО төтенше жағдайлар департментінде өтті.

Оқиға 22 ақпан күні болған. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,22 ақпанда сағат 17.56 БҚО ТЖД Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет басқармасының «112» нөміріне Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесі 13, жеке 2 пәтерлі 1980 ж. азаматқа тиесілі №1 пәтердің ғимаратында ауданы 51 шаршы метрлік жеке заттар, жиһаздар, қабырғалар мен шатыр жабыны жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 8 адам мен 2 бірлік техника барған. Өрт 18.59 сағатта оқушауланып, 19.52 сағатта толықтай сөндірілді. Осы өртте К.Байсыков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Мирас Жүнісов өрт сөндірушілер келгенше, ержүректік көрсетіп, екі адамды – 8 жасар бала мен оның ағасын құтқарған.

Салтанатты марапаттау жиынында департамент бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев Медеттің батылдығын мадақтап, медаль табыстады. Ұлын лайықты тәрбиелегені үшін жасөспірімнің ата-анасына ҚР ІІМ министрі атынан алғыс хат және баланың сынып жетекшісіне БҚО ТЖД бастығының алғыс хаты табыс етілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу