БАТЫСҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ «ЕЛ ҮЛЕСІМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
«Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 232-ші баспана Сырым ауданындағы отбасыға бұйырды.

Бүгін «Сырым елі» газеті мен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Сырым аудандық орталық мешіті баспанасыз жігітке үйдің кілтін табыс етті. «Сырым елі» газетінде Бауыржан Ширмединұлының «Анамды қайда апарамын?» атты мақаласы жарық көріп, сырқат анасы бар, баспанасыз, карантиннің кесірінен жұмыссыз қалған жігіттің тағдыры, оған баспанаға алуға халықтан көмек қажет екені жазылды. Аудандық газеттің қолға алуымен, халықтың қолдауымен бір аптада 2 млн. 246 мың теңге жиналып, газ, су кіргізілген 6 бөлмелі үймен бірге қажетті тұрмыстық техника, жиһаздар, ыдыс-аяқтар алынды. Мешіт жамағаты үйдің іші-сыртын ретке келтіру жұмыстарына атсалысты.
Бүгінгі қоныстойда «Сырым елі» газетінің директор-редакторы Бауыржан Ширмединұлы ер азаматтың несібесі елге шашылып берілетінін, Алтынбектің несібесі бүгін өз қолына тиіп отырғанын, баспанаға қол жеткізудегі жүріп өткен жолдарынан хабардар етті.
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов:
– Аудандық мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбай мен «Сырым елі» газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлының Рамазан айында қолға алған игілікті ісін бүкіл ел қолдады. Осы істің басы-қасында Темірлан Ғаббасов деген азамат та жүрді. Бұл – аудандық газет әперген екінші үй. Бұған дейін «Газеттен жасалған үй» жобасымен Көгеріс ауылынан үш балалы анаға баспана алып берілген болатын. «Сырым елі» газеті елге, халыққа қажетті мәселелерді көтеріп жүр. Аудан әкімінің, барша әріптестерімнің атынан Алтынбек бауырымызды баспаналы болуымен құттықтаймын. Қолдау көрсеткен, қолғабыс білдірген облыстық орталық мешітке, азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Әрдайым бірлігімізбен, сыйластығымызбен, қамқорлығымызбен көріне берейік, -деген лебізін жеткізді.
– Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Кім де-кім бұл дүниеде бір адамның мұқтаждығын өтесе, Алла тағала ол адамды қияметте мұқтаждығын өтейді»,- деген. Аудандық мешіт пен аудандық газет бастап, бүкіл ел қолдаған қайырымды істеріңізге Алла разы болсын. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, «Зекет» қайырымдылық қорының қолдауымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша кеше 231 отбасыға үй берілсе, бүгін міне, 232-ші отбасыға баспанаға алуға үлес қосып жатыр, – ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі, облыстық орталық мешіттің найб имамы Самат Әлібаев.
Айта кетейік, бұған дейін Теректі ауданы Еңбек ауылындағы отбасы «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен баспаналы болғанын жазған едік.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу