БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы бойынша бүгін, 22 маусым күні екі пунктте ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.

БҚО білім басқармасынң баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірованың мәліметінше, Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы, Жаңақала орта мектебіндегі тестілеу пунктінде 92, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы, Т.Жароков атындағы орта мектебіндегі пунктте 101 оқушы тест тапсырды.
– ҰБТ тестілеу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар орындалды: тосқауыл үшін қажетті жылжымалы ленталармен, металліздегіш құралмен тексеру, дезинфекциялау тоннелімен, санитайзерлермен, аяқ киімге арналған дезинфекциялау кілемшелермен, тепловизормен, маска мен қолғап.
Аудандық білім беру бөлімдерінің Жергілікті полиция бөлімдерімен бірлескен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы кезекшілік, тестілеуді өткізу орындарында медициналық қызметкерлердің және жедел жәрдем кезекшіліктері ұйымдастырылды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ пункттеріне жеткізу үшін 142 оқушыға тасымал ұйымдастырылды. ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектер саны – 198. Бір түлек ҰБТ тест тапсырудан өз еркімен бас тартты, – деді Үміт Жәңгірова.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін және ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 4 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған.
Биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Аудиториядағы адамдардың саны азайтылды. Бұның бәрі тәртіп бұзушылықтарды анықтау процесін жеңілдетеді.
Сондай-ақ білім басқармасының өкілі ҰБТ-ға телефонды алып кіруге талпыныс жасаудың өзі емтиханға кіргізбеуге толық негіз болатынын жеткізді. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу