8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2020 1577 0
Қоғам

Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы инвестициялық бағдарлама аясындағы қаражатты 100 пайыз игерді

Бұл туралы кеше монопалистер ұйымдастырған пресс турда белгілі болды.

«Батыс қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-на инвестициялық бағдарлама аясында 2016-2020 жылдар аралығында 1 млрд. 605 млн теңге бөлінген. Электр таратушы компания жұмысын оңталандыру және сапалы қызмет көрсету мақсатында осы жылдар шінде бірнеше вакумды ажыратқыш алынған. Олардың бір-біреуі 16 млн. теңгеге бағаланады. Қазақстанда құрастырылған жабдықтар жұмысты екі есе қысқартуға мүмкіндік береді. Электр желілеріндегі ақауды 10 минут ішінде анықтап, тұйықталу мәселелерінің алдын-алады.

АҚ мамандарының айтуынша, 2025 жылға дейін осындай бірнеше вакуумды ажыратқыш алыну жоспарда тұр. Мұндай құрылғылардың 18-і аудандарға орнатылған. Сонымен қатар жылына 10 шақырым ауа және кәріз желілері ауыстырылады. Соның нәтижесінде қолайсыз ауа райы немесе өзге де табиғи факторлар әсерінен болатын проблемалар шешілген. Монопалисттер алдағы уақытта өзге де инвестициялық бағдарлама аясында жұмыс жасайтын компаниялар жұмыстарының мөлдірлігіне көз жеткізу бағытында осындай шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуы қосалқы станцияларды пайдаланудың сенімділігін арттырады, жабдықтар мен аппаратуралардың қызмет ету мерзімін ұзартады. Сондай-ақ, бұл жұмыстар желілердің апаттылығын азайтады, қаланың тұтынушыларын тұрақты электр энергиясымен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»