БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ
Қазталов ауданы Қазталов ауылындағы Б.Момышұлы көшесі №12 үйінің қабырғасына Ұлы Отан соғысының ардагері, 1956-1970 жылдары Қазталов аудандық Өрт сөндіру инспекциясын басқарған Бисенов Мендіғали атамыз тұрғын үйге ескерткіш тақта ілінді.

Тақтаның ашылу салтанатына аудан әкімі А.Есалиев, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары А.Ахметжанов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Машанов қатысты. Жиын барысында Ермекқали Дүйсехайұлы Мендіғали атамыз туралы өз естеліктерімен бөлісті.
Бисенов Мендіғали 1921 жылы 9 мамырда БҚО Казталов ауданы Русская Таловка ауылында дүниеге келген. 1932-1934 жылдары ауыл мектебінде, кейіннен 1935-1941 жылдары аралығында Орал қаласындағы №4 қазақ мектебінде білім алған. 1941 жылы Совет Одағы армиясы қатарына шақырылады. 1941-1942 жылдары Өзбекстан Совет Одағы Республикасының Ташкент қаласындағы Орта Азиялық әуеотрядының кіші әуе маманын дайындайтын мектептің, 1943 жылдың ақпані мен сәуірі аралығында Түркіменстан Совет Одағы Республикасының Чарджоу қаласындағы Орлов жаяу әскер училищесінің курсанты болған. Одан соң 801 атқыштар полкінің 235 атқыштар дивизиясында қызмет атқарып, кейінен үлкен взводтың командирі атанады. 1943 жылдың маусымы мен тамызы аралығында Брян армия шебінің 1 атқыштар батальонының 1013 атқыштар полкінің 269 атқыштар дивизиясында комсомол ұйымдастырушысы қызметін атқарған.
1944-1945 жылдары 3-ші армияның 2-ші Беларусь шебінің 1 атқыштар батальонының 1174 атқыштар полкінің 318 атқыштар дивизиясында комсомол ұйымдастырушысы қызметін атқарған, Кеңес Одағы коммунистік партиясының №06160955 билет иесі, жеңісті Берлин қаласында қарсы алған. 1946 жылы 20 шілдеде босатылып, туған ауылына оралған. Соғыстан кейін аудандық қаржы бөлімінде агент болып, 1956-1970 жылдары аралығында Казталов аудандық Өрт сөндіру инспекциясында басшылық жасаған. 1989 жылы 31 шілдеде қайтыс болған.
«Қызыл жұлдыз», «Берлинді алғаны үшін», «Кенинсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңген үшін», «Соғыс кезіндегі ерлігі үшін» әскери марапаттарын алған.
С.Қалдыбаев, Казталов ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу