БАСТАМАШЫЛ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жастармен биресми кездесу өткізді. «Tipa graf» кофейнясында «Орал жастардың көзімен» тақырыбында өрбіген шараны ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.


– Халықаралық жастар күніне орай өздеріңізбен пікір алмасып, жас көшбасшылардың жұмысымен танысуды жөн көрдім. Ең алдымен баршаңызды айтулы мерекемен құттықтаймын. Өңіріміздің, қаламыздың дамуына қосқан жан-жақты үлесіңізді жоғары бағалаймын, – деген қала әкімінің орынбасары Бақытжан Қаберұлы әр саладағы белсенді жастармен еркін бағытта әңгімелесіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Осыдан бір жыл бұрын алғаш рет жартылай марафон өткізіп, нағыз «Рухани жаңғырудың» үлгісін көрсеткен «Uralsk runners» қозғалысының, «Power Qazaqstan» жеке қорының жетекшісі, «Fiesta» желісінің негізін қалаушы Асхат Рамазанов, «Орал велосипедшілері» велоқозғалысының ұйымдастырушысы Андрей Карпов, Жеңіс күні қарсаңында Еуразия даңғылындағы үйдің қабырғасына терең мағыналы сурет салып, жұртшылықтың таңдайын қаққызған StreetArt cуретші Дарья Запрометованың командасы, өзіндік идеясымен көпшіліктің көзайымына айналған «Dvish» қозғалысының өкілдері Мейрамбек Өтепов, Дәурен Жасталапов, «Street workout» спортын дамытуды қолға алған Дастан Бижанов, «Wheels brothers» мотоклубының өкілі Николай Романов, өңіріміздің, қаланың тарихымен жұртшылықты таныстырып жүрген идеясы мол видеограф, «Үркер» орталығының директоры Әлішер Ғұмаров жетістіктерінің қыр-сырларымен бөлісіп, замандастарын жігерлендірді.
– Жастардың» жарқын белестерді бағындыруына басты керекті үш нәрсе – білім, еңбек, талпыныс. Осы үш қабілетті игеру өз қолымызда. Әрбіріңіздің қай қырынан болмасын қаланы дамыту бағытындағы ұсыныстарыңыз маңызды, – деп жиынды қорытындылаған Бақытжан Қаберұлы бастамашыл жастарға 7 қыркүйек қала күніне орай тың жобалар жасақтап, ұсынуды тапсырды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу